Байқоңырдан тағы да «Союз-2.1а» зымыраны ұшырылады
Байқоңырдан тағы да «Союз-2.1а» зымыраны ұшырылады
Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз-2.1а» зымыран тасығышын ұшырғаннан кейін тура бір айдан кейін осы сыныптағы тағы бір зымыран ұшырылады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Роскосмос баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес осы жылғы 14 шілдеде Байқоңыр ғарыш айлағының 31-алаңынан «Союз-2.1а» зымыран тасығышын ұшыру жоспарланған. Ол «Канопус-В-ИК» Жерді қашықтан зондтаудың ресейлік ғарыш аппаратын және 72 шағын серігін орбитаға шығарады. «Фрегат» жүрдек блогы «Канопус-В-ИК» ҒА және бағыттас шағын серіктерді кейіннен жүрдек блок орбитасынан түйісумен үш түрлі орбитаға шығаруды қамтамасыз етеді. Мұндай күрделі миссия шағын ғарыш аппараттарын іске қосу тарихында алғаш рет жүзеге асырылуда.