Латын әліпбиіне көшуді созбалақтауға негіз жоқ
Латын әліпбиіне көшуді созбалақтауға негіз жоқ
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілінен латын әліпбиіне өту процесін созбалауға негіз жоқ деген ойда, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"КССР-де өмір сүрген қазақтар кириллицамен жазды, Қытайда тұрғандар - төте жазумен, Батыс елдеріндегілер - латын әрпімен жазды. Тіліміз бір болғанымен, үш түрлі жазумен жазып, кімнің не жазғанын түсінбедік. Бұл ұрпақтарымыздың жігін ажыратып жіберуі мүмкін еді, бұл бір жағынан, екінші жағынан - қазір ғаламтордағы техника мен ғылым жетістігінен алшақтатты. Мұны дұрыстау үшін жұмысқа кірістік. Қазақ тілінің латын әліпбиіне өтуі бізді біріктіре түседі", - дейді ҚР президенті.
"Жолдауымда мерзімді 2025 жыл деп белгіледім, бірақ, мұны созбалауға негіз жоқ деп ойлаймын. Ғалымдарымыз Түркияның, латын әліпбиіне өткен көршілеріміздің тәжірибесіне сүйене отырып, біздің әліпбиімізді жасай алады. Олардың кемшіліктерін ескеріп, өз әліпбиімізді жасауымыз керек. Бұл қиын емес, өйткені балалар бірінші сыныптан бастап ағылшын тілін оқиды. Бізге қиын болмайды", - дейді Елбасы.