Құқық қорғау жүйесіне өзгерістер енгізілді

Құқық қорғау жүйесіне өзгерістер енгізілді

Құқық қорғау жүйесіне өзгерістер енгізілді
ашық дереккөзі
Еліміздің құқық қорғау жүйесін өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды 24.kz арнасы. Арнаның хабарлауынша, Кәсіпкерлерге тағы да жеңілдіктер жасалғалы отыр. Кәсіпкерлер заңсыз алып сатумен айналысса немесе салықты уақытылы төлемеген жағдайда бірінші жолы тек ескерту беріледі. Ал құқық бұзушылық екінші мәрте тіркелсе, заң алдында жауап береді. Бұл мақсатта 8 заңнамаға өзгерту енгізілді. Құқық қорғау жөніндегі құжатты Сенат талқыға салды. Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың айтуынша, осыдан кейін бизнеске қысым көрсету азая түспек. Сонымен қатар тергеушілер мен судьялардың және адвокаттардың құзыреті артпақшы. Ал жемқорлықтың тамырына балта шабу үшін жеке тәуелсіз құрылым жасақталады. «Әскери қызметкерлер, арнайы орган қызметкерлері,  ұлттық бюро қызметкерлері сыбайлас жемқорлығы бар қылмыс бойынша ұсталса, оны тергеу ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері жүргізеді. Заңға сондай өзгеріс енгізіліп отыр», – дейді Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов.