Сейсенбі, 21 Наурыз, 2023

ҰҚК майоры тактикалық жаттығу кезінде оқ тиіп, көз жұмды

Тактикалық жаттығу кезінде арнайы қызмет майоры көз жұмды. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сайтында хабарланды. 

22 маусымда ҰҚК “А” арнайы мақсаттағы қызметінің оқу-жаттығу ғимаратында жоспарлы тактикалық сабақтар өткізу барысында штаттан тыс оқиға орын алып, қызметтік міндеттерін атқару кезінде нұсқаушы майор “К.Е.” оқ жарақатын алды.

“Ол дереу Астана қаласының №1 қалалық ауруханасына жеткізіліп, сол жерде есін жимастан қайтыс болды”, — делінген хабарламада.  Аталған факт бойынша ішкі істер органдарымен бірлесе тергеу жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button