Жаңалықтар

Дамаск ДАИШ содырларынан азат етілді

Дамаск ДАИШ содырларынан азат етілді

Сирия әскері Дамаскінің бес ауданын «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымынан азат етті деп жазды Qazaqtimes.

Сирия әскері Дамаск қаласының оңтүстік-шығысындағы Бир Касеб, Хурбет Касеб,Тулюль ар-Раваби, Сарихи және Иринба аудандарын «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы иелігінен кері қайтарып алған. РИА Новости ақпарат агенттігінің мәліметінше "Ислам мемлекеті" содырлары шегіну кезінде барлық қару-жарақ, оқдәрілерін тастап кетуге мәжбүр болған. Соңғы уақытта Сирия мен Ирак аумағындағы "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымы содырлары жиі жеңіліске ұшырап өз иелігіндегі жерлерден айырылып жатыр.