Жаңалықтар

Алматыда аптап ыстық сақталады

ашық дереккөзі

Алматыда аптап ыстық сақталады

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республикамыздың кей жерлерінде жаңбыр мен найзағай күтіледі, екпінді жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін, ал еліміздің батысында жауын-шашынсыз болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ жауып, жел екпіні 23-28 м/с-ге дейін жетуі мүмкін. Шығыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарында да бұршақ жауып, жел күші 15-22 м/с-ге дейін жетеді. Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Ақтөбе облыстарында жел екпіні 15-20 м/с-ге дейін жетеді. СҚО-да тұман күтіледі. Ал күндіз Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Қарағанды, Қызылорда облыстарында өрт қаупін тудыратын ыстық сақталады. Астана қаласында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Алматы қаласында ауа райы бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз.