Дубайда жыл соңында ұшатын таксилер пайдалануға беріледі
Дубайда жыл соңында ұшатын таксилер пайдалануға беріледі
Дубай үкіметі германиялық стартап Volocopter-мен 2017 жылдың соңында әуе таксилерге іске қосу туралы келісім жасады. Бұл туралы The Verge хабарлады.
Volocopter-дің негізін қалаушылардың бірі Александр Зосельдің айтуынша, Дубайдың жол және көлік агенттігі көптеген үміткерлердің арасынан сынақтан өткізгеннен кейін оның компаниясын таңдап алған. Сынақ мерзімі 5 жылға созылады. Volocopter 2X 160 килограмм жүкті тасымалдауға қауқарлы. Ол ең көп жүктемемен 27 шақырымға дейін сағатына 70 шақырым жылдамдықпен ұша алады. Құрылғының максималды жылдамдығы - 100 км/с. Аэротакси қуаты 2 сағатқа дейін жететін электр батареясымен жұмыс істейді.
https://www.youtube.com/watch?v=V08IQz7Rk3o