Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекаралық бекеттер кеңейеді
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекаралық бекеттер кеңейеді
Қазақстан парламентінің сенаты Өзбекстанмен үкіметаралық келісім қаулысын ратификациялау жөніндегі заң жобасын қабылдады. Онда қазақ-өзбек шекарасының өту бекеттерін кеңейту қарастырылған. Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап centralasian.org хабарлады.
Заң жобасында темір жол өту бекетін Бейнеу станциясынан ондаған шақырым қашықтықтағы Оазис станциясына көшіру қарастырылған. Сонымен бірге Целинный және Сырдария деп аталатын екі жаңа көлік өту бекетін ашу көзделген. Осыған дейінгі Атамекен, Қазығұрт және Қапланбек екіжақты өту бекеттері көпжақты болып өзгереді.
Өзбекстан азаматтарына шекарадан өтуге жеңілдік қарастырылған. Осыған дейін төлқұжаттарына шекарадан өтті деген белгі қойылса, енді миграциялық карталарын көрсетсе жеткілікті. Бірақ мұндай жеңілдік әзірге тек жеңіл көлік иелеріне ғана қарастырылған.
Заң жобасы Қазақстан президентіне қол қойылуға жіберілді.