Игерілмеген 40 млн теңге үшін 5 қызметкер жұмыстан қуылды

Игерілмеген 40 млн теңге үшін 5 қызметкер жұмыстан қуылды

Игерілмеген 40 млн теңге үшін 5 қызметкер жұмыстан қуылды
ашық дереккөзі
Оңтүстік Қазақстан облысында 2016 жылы 40 миллион теңге игерілмеген, жауапты қызметкерлерге қатысты әкімшілік шаралар қолданылды, деп хабарлады Otyrar.kz жергілікті басылымы. ОҚО мәслихат депутаттарының демалыс алдындағы соңғы отырысында облыстық бюджет нақтыланып, 2016 жылы әкімдік пен ревизиялық комиссияның бюджетті орындауы бойынша есеп беру тыңдалды. 2016 жылы бюджет 99,9 пайызға орындалған — 484 миллиард 726 миллион теңгенің 484 миллиард 467 миллионы игерілген, 259 миллионның 218 миллионы белгілі себептерге байланысты игерілмей қалған. "Жеке себептерге байланысты, мемлекеттік сатып алу бойынша байқаулар уақытылы өткізілмегендіктен, сонымен бірге мердігерлер міндеттерін орындамағандықтан, 40 миллион теңге иегірлмеді. 24 миллионды ауыл шаруашылығы басқармасы игермеген, 10 миллион — денсаулық сақтау басқармасы және 3 миллионды — құрылыс басқармасы", — деп түсіндірді облыстық қаржы басқармасы басшысы Кеңесбек Мендебаев. Бөлінген қаражатты игеруге жауапты қызметкерлерге қатысты әкімшілік шаралар қолданылды. Шардара аудандық ТКШ бөлімі басшысы Оспанов, Түркістан қалалық ТКШ бөлімі басшысының орынбасары Оразбеков және Төлеби аудандық білім беру бөлімінің бас бухгалтері сөгіс алды, ал бес мемлекеттік қызметкер, яғни кәсіпкерлік басқармасының басшысы Қарабаев, оның орынбасары және екі бөлім басшысы және Төлеби аудандық білім беру бөлімі басшысы қызметтен босатылды. 663 миллион теңге қарыз республикалық бюджетке қайтарылды. Осы ақша есебінен алты келісімшартқа сәйкес несие бойынша негізгі ақшалай қаражат толықтай қайтарылды.