Медициналық сақтандыру
Медициналық сақтандыру
Егер жарна төлемесеңіз не болады?
Сіздің жұмыскеріңіз медициналық көмекке жүгіне алмайды, бұл оның тарапынан наразылық тудыруы мүмкін;
Егер «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес жүктелген жауапкершілікті орындамасаңыз, Сізге айыппұл салынуы мүмкін;
Сіз Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңы бойынша жауапкершілікке тартыласыз, бұл тұрғыда да айыппұл салынуы мүмкін.
Сіз келесі жағдайларда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметіне қоғамдық бақылау жасауға қатыса аласыз:
Қоғамдық бақылау комиссиясының мүшесі болсаңыз – қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету үшін;
Кәсіби қауымдастықтың мүшесі болсаңыз – стандарттарды қарастырып, тарифтерді бекітуге қатыса аласыз.
Жұмыс берушілер ай сайын әрбір қызметкер үшін аударылған жарналарды бастапқы кезеңнен бастап есепке алып, әрбір есептік айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей, жарна төленген қызметкерлерге аударылған қаржы туралы есеп беріп отыруы тиіс.
Жарналарын есептеу үшін алынатын орташа айлық кіріс көлемі 15 ең төменгi жалақыдан аспауы тиіс.
Барлық жарналар табыс төленген есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей аударылуы тиіс.
Жұмыссыздар үшін:
– Сізге жұмыс беруші медициналық сақтандыруға жарналар төлеу үшін жұмыс табу қажет;
– Егер сіз өздігіңізден жұмыс таба алмасаңыз, онда сіз жұмыспен қамту орталықтарына баруыңыз керек, ол жерде сізге жұмыс ұсынады, немесе жұмыссыз ретінде тіркейді, бұл жағдайда сіз үшін мемлекет төлейтін болады.
Жеке кәсіпкерлер, патент бойынша жұмыс істейтін тұлғалар, шаруа қожалықтарының жұмыскерлері, базардағы сатушылар
Жеке кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың жарналары төлеу мен есептеулері қорының шотына мемлекеттік корпорация арқылы қаражатты тікелей аудару арқылы өздігінен жүзеге асыратын болады:
1) салық салудың жалпы бекітілген режимін пайдаланушы жеке кәсіпкерлер – есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;
2) Жеке кәсіпкерлерге өз пайдасына – есептік айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;
3) арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде (10 сәуір және 10 қараша);
4) Патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер үшін – Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасында көрсетілген патент құнын төлеуге белгіленген уақытта.
Жарна төлемесеңіз не болады?
Сіз МӘМС жүйесіне қатыса алмайсыз және медициналық сақтандыру жүйесі аясындағы медициналық көмекке жүгіне алмайсыз.
Алайда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін пайдалана аласыз. Оған:
Жедел-жәрдем мен санитарлық авиация;
Әлеуметтік маңызы бар аурулар мен шұғыл жағдайлардағы көмек;
Профилактикалық вакциналау;
2020 жылға дейінгі амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтуы қарастырылған амбулаториялық-емханалық көмек.
Басқа медициналық қызметтер ақылы түрде жүргізіледі.