Австрия мұсылман балабақшаларын жапқысы келеді
22 маусым, 2017 /
Ақниет ОСПАНБАЙ
Австрия мұсылман балабақшаларын жапқысы келеді
Австрияның СІМ басшысы әрі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы Себастьян Курц мұсылман отбасыларынан шыққан балаларға арналған балабақшаларды жауып тастауды ұсынды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Kurier басылымы ұйымдастырған пікірталас клубының жүргізушісі қойған сұраққа жауап берген ол былай деді:
"Әрине. Қажеті жоқ. Мұсылман балаларға арналған балабақша болмауы тиіс".
Оның пікірінше, мұндай балабақшалар мәдени және тіл тұрғысында оқшауланған. Еуропа Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең ірі көші-қон дағдарысына ұшырап жатыр. Бұған Таяу Шығыстағы және Солтүстік Африка елдеріндегі қарулы қақтығыстар мен экономикалық проблемалар себеп болып отыр.