Жаңалықтар

Мұнай бағасы құлдырады

ашық дереккөзі

Мұнай бағасы құлдырады

2016 жылдың қарашасынан бері тұңғыш рет мұнай бағасы барреліне 45 доллардан төмен түсті. 22 маусымда Астана уақыты бойынша сағат 8.35 жағдайында Brent маркалы солтүстіктеңіз мұнай қоспасының тамыз фьючерстері барреліне 44,87 долларға тең болды, осылай 2,5 пайызға төмендеп отыр. WTI маркалы мұнайдың тамыз фьючерстері барреліне 42,63 долларға саудаланып жатыр. Баға АҚШ-тағы коммерциялық мұнай қорының бір аптада 2,5 миллион баррельге дейін төмендесе де (509,1 миллионға дейін) құлдырап жатыр.