Жаңалықтар

Қанат Ислам «GGG-Канело» жекпе-жегіне өз болжамын жасады

ашық дереккөзі

Қанат Ислам «GGG-Канело» жекпе-жегіне өз болжамын жасады

Қанат Ислам «GGG-Канело» жекпе-жегіне өз болжамын жасады. WBO Intercontinental мен WBA Fedelation белбеулерінің иегері Қанат Исламның ойынша, аталған жекпе-жек 12 раундқа дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Головкин жеңеді деп ойлаймын. Бұл жекпе-жекті бүкіл әлем күтіп отыр. Геннадий Головкин барша Қазақ елінің, барша әлемнің жұлдызына айналды. Головкин - қазақтың Туын көтеріп жүрген батырымыз. Біз соның артынан еріп келе жатырмыз. Ол бізге үлгі, содан үйренеміз. Мен ойлаймын, алдағы жекпе-жек Головкин үшін оңай болмайды. Менің өз ойым, жекпе-жек 12 раундқа дейін созылуы әбден мүмкін», - деді Қанат Ислам бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында. Айта кетейік, Головкин -Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте өтеді. Ал Қанат Ислам Астанадағы ЭКСПО-2017көрмесі аясында 9 қыркүйекте кезекті жекпе-жегін өткізуді жоспарлап отыр. Оның келесі қарсыласы - АҚШ боксшысы Джеймс Киркленд. Алдағы уақытта қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен жұмыс істеп жатқан НВОарнасымен келісімшартқа отыруы әбден мүмкін.