ДДСҰ өкілдері Қазақстан денсаулық сақтау жүйесін оң бағалады

ДДСҰ өкілдері Қазақстан денсаулық сақтау жүйесін оң бағалады

ДДСҰ өкілдері Қазақстан денсаулық сақтау жүйесін оң бағалады
ашық дереккөзі
Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық бюросының өңірлік директоры Жужанна Якабпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Мемлекеттік хатшы қоғамдық денсаулық сақтау жүйелері мен қызметтерін нығайтуға бағытталған Ұйымның бастамаларына алғысын жеткізді. Сонымен қатар еліміз ДДСҰ-мен саладағы өзекті мәселелерді шешудегі бірлескен жобаларлы жүзеге асыруға белсенді қатысып жатқандығы атап өтілді. Талқылау барысында Ұйымның Алматыдағы Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету офисінің географиялық қашықта орналасқан қызметінің жұмысы қаралды. Мұнымен қоса, Г.Әбдіқалықова Қазақстанның Аламатыда көпжақты дипломатия бойынша БҰҰ Хабын құру туралы бастамасы төңірегінде сөз қозғады. Тілшілерге берген сұхбаты барысында Жужанна Якаб Қазақстанға 2-3 жылда бір сапарлап тұратынын және елдегі денсаулық сақтау саласындағы жағдай тұрақты түрде жақсарып жатқанын жеткізді. «Яғни халық денсаулығы көрсеткіші бойынша, сондай-ақ жалпы денсаулық сақтау жүйесінің күшейгендігі тұрғысында оңтайлы жетістіктер баршылық. Өздеріңіз білесіздер, Алматыда алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін орталығымыз орналасқан, ол ұйымға мүше 53 мемлекеттің жұмысын үйлестіреді. Жалпы біз ҚР Үкіметінің тарапынан қолдауға иеміз және осы көмек үшін алғысымызды айтамыз»,-деді Ж. Якаб. Айта кетейік, Алматыдағы ДДСҰ офисі 53 елдің өкілдігіндегі жұмысты үйлестіреді. Мұндай бөлімшенің ашылуы Еуропа аймағында енгізіліп жатқан озық технологияны меңгеріп, елдің денсаулық сақтау саласындағы интеллектуалдық мүмкіндікті қалыптастыруға мүмкіндік беруде. Бұл құрылым тек қана Қазақстан аймағында ғана емес, Еуропада да алғашқы медициналық көмек көрсетудің дамуы бойынша зерттеу жұмыстары мен ұсынымдарды жасаумен айналысады.