Алтын қымбаттады

Алтын қымбаттады

Алтын қымбаттады
ашық дереккөзі
Лондонда таңертеңгі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша бір трой унциясының бағасы $1247,05 болды деп хабарлады Қазтаг. Өткен сауда күніндегі кешкі фиксингке қатысты трой унциясының доллармен есептегендегі құны 4,85-ке өсті. Алтынның бір унциясының еуромен есептегендегі бағасы 1118,98 (+3,61), британ фунтымен есептегенде 989,04 (+4,6) болды. Алтынның банкаралық фиксингі әр сауда күні Гринвич уақытымен 10:30-да және 15:00-де жүзеге асырылады. Фиксингтің нәтижесі бүкіл әлем бойынша алтын фьючерстерінің саудасы кезінде бағдар ретінде пайдаланылады. Бағаны қалыптастыруға өзара алтын жеткізетін 5 қаржы институты қатысады.