Фарер аралындағы кит қырғыны

Фарер аралындағы кит қырғыны

Фарер аралындағы кит қырғыны
ашық дереккөзі
Әдетте көшу кезінде сүтқоректілер Фарер аралдарының жағалауына мейлінше жақындай түседі. Осыны пайдаланған жергілікті тұрғындар қайыққа мініп оларды таяз жерлерге қуып, өлтіріп, одан кейін бөлшектеу үшін жағаға алып шығады. Олар кит етін тамаққа пайдаланады. Осындай «дәстүр» салдарынан жаз айларында бірнеше мыңдаған кит өлтіріледі. Тіпті тонналаған ет қоймаларда босқа шіриді, деп жазады The Independent. Фарер аралдарында киттерді союға заңмен тыйым салынбаған және өзгеше дәстүр болып саналады. Алайда жануарлар құқығын қорғаушылар бұл қатал дәстүрге түбегейлі қарсы болып отыр.