Бейсенбі, 23 Наурыз, 2023

Қазақстан мен Тайланд визасыз режимді жеңілдетпек

21 маусымда ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді Қазақстан мен Таиланд үкіметтері арасындағы Екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссияның үшінші отырысын өткізу үшін Астанаға келген Таиланд Корольдігі Сыртқы істер министрінің орынбасары Вирасакди Футракулмен келіссөздер өткізді.

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени салалардағы жай-күйі мен келешегі туралы пікір алмасты.

Қазақстандық тарап Қазақстан мен Таиландтың азаматтары үшін визасыз режим орнатуды ұсынды. Екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының орынбасарлары тиісті үкіметаралық келісімнің жобасын қарастыру процесін жылдамдатудың қажеттігі жөнінде ортақ пікірге келді.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Таиланд Корольдігінің Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қою болды.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button