Каспийде Еуразия жобасы бойынша халықаралық консорциум құрылды

Каспийде Еуразия жобасы бойынша халықаралық консорциум құрылды

Каспийде Еуразия жобасы бойынша халықаралық консорциум құрылды
ашық дереккөзі
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Энергетика министрлігі және ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауы комитетінің «Еуразия» жобасының әлеуетті қатысушыларымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсіміне қатысты, деп xабарлайды ҚазАқпарат. Атап айтқанда, министрлікпен бірге: «ҚМГ Еуразия», Аgір Саsріап Sea В.V., «РН-Эксплорейшн», СNPC international, SOKAR, NEOS Geosolutions сынды компаниялар келісімге қол қойды. «Бүгін тариxи құжатқа қол қойыллы. Соңңы 4-5 жыл бойы Қазақстан қолға алып келген «Еуразия» жобасы басталды. Геофизикалық зерттеулер бойынша жаңа жасақтамаларға ие әлемдік компаниялар консорциумға бірігіп, Қазмұнайгазбен бірге Каспий маңы ойпатының жер қойнауын зерттейтін болады. Ойпат аумағы Қарашығанақтан басталып, Теңіз арқылы Қызылордаға дейін жайылған. Әрісі Ресейге дейін кеткен.Ресей Федерациясының тиісті мемлекеттік органдарымен келісім бар, барлау жұмыстарын жүргізетін боламыз», - деді ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев тілшілерге берген сұxбатында. Министрдің сөзінше, ондағы жұмыс үш кезеңге бөлінген: барлаудан бастап, аса терең ұңғымаларды бұрғылауға дейін жұмыстар атқарылмақ. «Бұл - базалық құжат. Онда консорциумды құрудың негізгі принциптері айқындалған және компаниялар осы келісім аясында компаниялар аталмыш консорциумды құруға ниетті екендіктерін бекітеді», - деді Қ. Бозымбаев.