Жаңалықтар

Алматыдағы медуниверситеттің студенттері неге наразы?

ашық дереккөзі

Алматыдағы медуниверситеттің студенттері неге наразы?

Иордания мен Үндістаннан келген студенттер Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да наразылық акциясын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Айтуларынша, оқытушылар оларды емтихандарда қасақана "құлатқан". Студенттердің пікірінше, "гистология", "анатомия", "биохимия" және "молекулярлық биология" пәндерінен олардың білімі дұрыс бағаланбаған. Емтихан компьютер арқылы тапсырылыпты. Алайда олар өту ұпайын жинай алмаған. Студенттерге жазғы семестрде оқу туралы айтылды делінеді. Сонымен қатар, студенттер университет басшылығын құрметсіздік көрсетті деп айыптап отыр. Ондаған студент ЖОО ғимаратының ішінде еденде отырып алып, мәселеге назар аударуды талап еткен. Ал кейін талқылауды акт залында өткізу ұсынылған. Халықаралық медициналық факультетінің деканы Гаухар Құрманова студенттердің бұл шағымы қаралып жатқанын айтты. "Нәтижелеріңізді сараптауға уақыт керек. Шағымдарыңызды аноним түрде жазсаңыздар болады. Студенттер кінәлі демейміз. Барлық мәселені шешуге тырысамыз", - деді ол. Университет басшылығы студенттерді 5 адамнан топтарға бөлініп, жағдайды талқылауды сұрады. Осы мәселемен айналысу үшін 10 адамнан тұратын комиссия құрылады.