Головкин тағы да шоу көрсетуге уәде берді

Головкин тағы да шоу көрсетуге уәде берді

Головкин тағы да шоу көрсетуге уәде берді
ашық дереккөзі
Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жегіне орай Нью-Йоркте өткен баспасөз мәслихатында алдағы кездесудің бокс жанкүйерлеріне нағыз сый болатынын айтып, Big Drama Show жасауға уәде берді, - деп хабарлайды Vesti.kz. "Қолдап жатқандарға алғыс айтамын, - бокстың нағыз жанкүйерлеріне. Әрине, барлығы да осы жекпе-жекті тағатсыздана күтіп отыр. Соңғы бірнеше жылда барлығы да осы жекпе-жекті күтті. Міне, біз дайынбыз. Мен ашпын. "Канело" да сондай деп сенемін. Бұл біз үшін өте қызық кездесу болады. Бұл біз үшін ғана емес, бокс үшін де тамаша жекпе-жек екенін бәрі де түсініп отыр. Екеумізде де мүмкіндік бар. Тамаша шоу көрсететінімізге сенемін. Бокс шоуы. Бұл бокс әлеміне үлкен сыйлық болмақ. Екеуміз де кәсіпқой спортшымыз. Big Drama Show жасауға уәде беремін", - деді Головкин. Ал Альварес үздік қалпында екенін және жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтайтынын айтты. "Қазір Головкинмен жұдырықтасуымызға үздік кезең. Себебі мен үздік қалпымдамын. Ел күтпегенді жасай аламын. Дайынмын. Нокаутпен жеңетініме сенемін. Әлденені болжап білу қиын әрине. Сондықтан мен 100 пайызға дайын боламын", - дейді "Канело". GGG өз кезегінде Лас-Вегастағы жекпе-жектен кейін реванш болуы мүмкін екенін айтты. "Осы жекпе-жекті барлығы да күтеді. Бұл жанкүйерлер үшін, бизнес үшін, барлығымыз үшін жақсы кездесу. Мен оны білемін. Ол да мені бұрынан біледі. Бұл күш пен жылдамдықтың ғана шайқасы емес. Бұл үздікті анықтау, P4P рейтингінде кімнің мықты екенін анықтау. Бұл өте қатерлі шайқас. 50-де 50. Осы жекпе-жектен кейін реванш болатын шығар. Бокссүйер адамдар көргісі келер", - деді GGG.