Жаңалықтар

Доллар - 325 теңге

Доллар - 325 теңге

Доллар тағы көтерілді. Қазақстанда валюта айырбастау пункттері долларды 325 теңгеден жоғары сата бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Kurs.kz мәліметінше, бүгін, 21 маусымда сағат 9.10 жағдайында ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 325,5-326,3 аралығында. Кейбір пункттер тіпті 328 теңгеге саудалап отыр. Еске салайық, кеше, 20 маусымда күндізгі сессияда доллар бағамы 322,02 теңгеге тең болған.