Әлия Назарбаева Нью-Йорк Еуразиялық кинофестивалінің жүлдесін алды

Әлия Назарбаева Нью-Йорк Еуразиялық кинофестивалінің жүлдесін алды

Әлия Назарбаева Нью-Йорк Еуразиялық кинофестивалінің жүлдесін алды
ашық дереккөзі
Әлия Назарбаева Нью-Йорк Еуразиялық кинофестивалінің жүлдесін алды. Қазақстандық фильмдер мен актерлер V Нью-Йорк Еуразиялық халықаралық кинофестивалінде жүлдеге ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кинофестивальдің үздік көркемфильмі Ақан Сатаевтың "Анаға апарар жол" картинасы болды, бұл фильмнің бас продюсері Әлия Назарбаева "Кинодағы Еуразиялық әйел" жүлдесін алды. Үздік әйел рөлі жүлдесін осы кинолентада басты рөлде ойнаған Алтынай Нөгербек алды. V Нью-Йорк Еуразиялық халықаралық кинофестивалінің үздік продюсері атағын Серік Әбішев пен Ольга Хлащева "Қаратас ауылындағы оба" фильмі арқылы алды. Айта кетейік, V Нью-Йорк Еуразиялық халықаралық кинофестивалінің жабылу салтанаты 18 маусымда өтті.