Жаңалықтар

Ақ үйде АҚШ және Украина президенттері кездеседі

ашық дереккөзі

Ақ үйде АҚШ және Украина президенттері кездеседі

Вашингтонға ресми сапармен барған Украина президенті Петр Порошенко сейсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамппен кездеседі. Осы күні Порошенко АҚШ-тың вице-президенті Майкл Пенс және қорғаныс министрі Джеймс Мэттиспен де кездеседі. Вашингтонда Украина қауымдастығымен кездескен Порошенко өзінің Ресей президенті Владимир Путиннен бұрын АҚШ президентімен кездесетінінің маңыздылығын атап өткен. Оның сөздерінше, бұл жалған ақпараттан қорғанып, әділетсіздікке жол бермеуге көмектеседі. Порошенко сөзінде Украина АҚШ-тан қолдау көріп отырғанын да айтқан. Украина басшысының америкаға сапары барысында АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонмен, Халықаралық валюта қорының директоры Кристин Лагардпен, Дүниежүзілік банктің президенті Джим Ён Ким және АҚШ-тың сауда министрі өкілдерімен кездесуі жоспарланған. Алдын ала мәлімет бойынша, АҚШ және Ресей президенттерінің кездесуі шілде айының басында үлкен жиырмалық саммитінде жоспарланған.