Жаңалықтар

Республикалық бюджеттің басым бөлігі қай өңірге жұмсалады?

ашық дереккөзі

Республикалық бюджеттің басым бөлігі қай өңірге жұмсалады?

Республикалық бюджет өңірлердегі мемлекеттік бағдарламаларды қолдауға шығындарды арттырды - жыл басынан бастап 77%. Барлық мақсатты трансферттердің жартысынан астамы биылғы жылы үш өңірге бөлінеді: Астана, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облысы, деп хабарлайды ffinprom.kz.  2017 жылы өңірлердегі бағдарламаларды дамытуды қолдауға бағытталған республикалық бюджет қаражаты 41%-ға артып, 545,1 млрд теңгені құрайтын болады. Соның ішінде 109,3 млрд теңге «Нұрлы жер» бағадарламасы бойынша - тұрғын үй қорын, 104,3 млрд теңге - мектептегі білімді дамытуға және 71 млрд теңге ортақ қолданыстағы автокөлік жолдарының сапасын жақсартуға жұмсалады. Ағымдағы жылдың төрт айында 142 млрд теңге бөлінді, бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 77% артық. 2017 жылы Астанаға бөлінетін 206,4 млрд теңге былтырғы жылмен салыстырғанда 2,5 есеге көп. Олардың 47,6 млрд теңгесі жолдар мен өңірдегі тұрғын үйлердің дамуына бағытталды. Алматыға бөлінген қаражат көлемі керісінше, 37%-ға қысқарып, былтырғы жылмен салыстырғанда 46,9 млрд теңгеге азайды. Оңтүстік Қазақстан облысына бөлінетін трансферттер 2 есеге артып, 42,2 млрд теңгені құрады. 2017 жылдан бастап республикалық бюджеттен бөлінетін субвенциялардың күрт артқандығын байқауға болады. Егер былтырғы жылы олардың сомасы 836,9 млрд теңгені құраса, биыл 1,5 трлн теңге (+78%) көлемінде бағалануда. Ағымдағы жылдың бастапқы төрт айында жергілікті бюджеттен 423,3 млрд теңге бөлінді, бұл былтырғы жылдың осы кезеңіндегі қаржыландыру көлемінен 55% артық. Субвенцияларды республиканың 16 өңірінің 12-сі (Алматы, Астана, Маңғыстау, Атырау облыстарынан басқа) алады. Оның басым бөлігі, яғни 85,8 млрд теңгесі Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі.