Құрылтайға Астраханнан 2 мың делегат қатысады

Құрылтайға Астраханнан 2 мың делегат қатысады

Құрылтайға Астраханнан 2 мың делегат қатысады
ашық дереккөзі
Астраханьнан 22 маусымда Астанада өтетін Дүниежүзі қазақтары құрылтайына 2 мың делегат қатысады деп хабарлайды Хабар24. Облыста 150 мыңдай қазақ тұрады. Төрт ғасыр бойы тілі мен дәстүрін сақтаған қазақтар тығыз шоғырланған аудандарда 27 мектепте қазақ тілі оқытылады. Таяуда Атыраудағы облыстық филармония концерттік бағдарламамен Астрахань облысын араласа, Астраханьдағы «Құрманғазы» ансамблі Оралға барып өнер көрсетіп қайтты. Эдуард Ысқақов, «Құрманғазы» қоғамдық қорының директоры: - Біз Қазақстандағы барлық құрылтайларға қатысып келеміз. Қазақтар әлемнің барлық мемлекеттеріне дерлік тараған. Олар ана тілін, туған тарихын қалай сақтап келеді. Шет елдерде тұратын қазақ жастарына патриоттық тәрбие берудің қандай тың тәсілдері бар. Міне, осы мәселелерді алдағы жалпы қазақ басқосуында талқылайтын боламыз.