Жаңалықтар

Дәрігерлер Бас ауыстыру операциясы 90 пайызға сәтті өтеді деген сенімде

ашық дереккөзі

Дәрігерлер Бас ауыстыру операциясы 90 пайызға сәтті өтеді деген сенімде

Италия нейрохирургі Серджио Канаверо адамның басын алмастыру операциясын Қытайда жасайтын болды. Бұл туралы "Россия-24" телеарнасының сюжетінде айтылады. Еске сала кетейік, Серджио Канаверо осыған дейін алғашқы отаны ресейлік бағдарламашы Валерий Спиридоновқа жасауға уәде берген еді. Бірақ қазіргі уақытта дәрігердің жоспарлары өзгеріп, бұл шешімімен бас тартып отыр. Басылымның мәліметінше, дәрігер отаны ресейлікке емес, Қытай азаматына жасайтын болды. Себебі донор мен реципиент бір нәсілді болуы тиіс екен. "Бізге жергілікті тұрғындардың ішінен донор іздеу керек. Біз ақ нәсілді Валерий Спиридоновқа донор бола алмаймыз. Қытай азаматаның есімін әлі айта алмаймыз. Таңдап жатырмыз", - деді нейрохирург. Айта кетейік, Қытайда адамның басын алмастыру операциясы мемлекеттік деңгейде қаржыландырылады. Ол үшін тіпті жеке клиника бөліп береді. Италия хирургіне ондаған жергілікті дәрігер көмектеседі.