Қазақстандықтардың тамаққа жұмсайтын шығыны артты

Қазақстандықтардың тамаққа жұмсайтын шығыны артты

Қазақстандықтардың тамаққа жұмсайтын шығыны артты
ашық дереккөзі
Еліміздің тұрғындары тамаққа көп қаржы жұмсайтын болған, жалпы тұтыну шығынының 46%-ы азық-түлікке кетеді. Сондай-ақ, қазақстандық кедейлер тамақты аз тұтынса, байлар керсінше көп пайдаланатын болған. Бұл туралы ranking.kz хабарлады. Агенттіктің таратқан мәліметтеріне қарағанда, Қазақстандық отбасылардың тамаққа жұмсалатын шығыны күн санап артып келеді. 2017 жылғы I тоқсан қорытындысы бойынша үй шаруашылығындағы жалпы тұтыну шығынында азық-түлікті сатып алуға жұмсалған қаржының үлесі 45,9%-ды құрап, соңғы 5 жыл ішінде ең жоғары межеге жетті. Айта кетейік, бұл көрсеткіш өткен жылдың қаңтар-наурыз айларында 44,4% деңгейінде болған еді. Қазақстандықтар ет және ет өнімдеріне көп қаржы жұмсайды екен. Мәселен, 2016 жылғы 1 тоқсанында тұтынушылық бюджеттің 14,6%-ы осыған кетсе, биыл оның үлесі 15,3%-ға өскен. Сонымен қатар, нан мен жарма өнімдеріне - 7,4% қаражат жұмсалатыны белгілі болды, бұл көрсеткіш өткен жылы 7,1%-ті құраған. Нан мен жарманы тұтыну бір жылдың ішінде 0,7%-ке өскен. Жалпы бағаның бағаның өсуі салдарынан көкөністерге де жұмсалатын қаражатты ұлғайтқан. 2017 жылғы І тоқсаны ішінде тұтыну шығыны 3,4%-і кеткен, бұл өткен жылдың дәл осы кезеңінде 3,1%-і құраған. Сонымен қатар, көкөністерді тұтыну бірден 3,7%-ке түсіп кетіп, адам басына 19,1 келіге жеткен. Қазақстандықтар балық және теңіз өнімдерін сатып алуға аз қаржы жұмсайтын болған (өткен жылы 1,65%, биыл 1,5%) - ҚР тұрғындары аталмыш өнімді 4,6%-ке аз пайдаланады. Бағаның өсуі мен нақты табыстың қысқаруы салдарынан халықтың аз қамтылған бөлігі тамақ ішуді шектеуге мәжбүр.