Әуеде дүниеге келген сәби өмір бойы тегін ұшады

Әуеде дүниеге келген сәби өмір бойы тегін ұшады

Әуеде дүниеге келген сәби өмір бойы тегін ұшады
ашық дереккөзі
Эд-Даммамадан (Сауд Арабиясы) Коччи қаласына бағыт алған Үндістанның Jet Airways лайнерінің бортында аяқ астынан тағы бір жолаушы босанып, сәбилі болды. Ұшақ ішінде дүниеге келген сәби әуе компаниясының ерекше сыйлығына ие болды. Толғақ қысқан әйелдің жағдайын білгеннен кейін ұшақ дереу Мумбайға бағыт алған. Борттағы фельдшер мен экипаж жүкті әйелге көмек көрсетті. Бала Boeing 747 жерге қонып үлгерместен дүниеге келді, деп хабарлайды The Independent. Бұл әуе компаниясы үшін бұл алғашқы тосын жағдай болып отыр. Сондықтан олар жаңа туған нәрестеге өмір бойы рейстерде тегін жүру мүмкіндігін сыйлады. Айта кетейік, мұндай сыйлықтар сирек кездеседі. Соңғы рет 2009 жылы AirAsia әуе компаниясы Пенангтан Кучингке бағытталған екі сағаттық ұшу кезінде дүниеге келген сәбиге осындай сертификат табыстаған болатын.