Жаңалықтар

Елімізде жұмыс күшінің жеткіліксіз болғаны ма?

ашық дереккөзі

Елімізде жұмыс күшінің жеткіліксіз болғаны ма?

Еңбек және әлеуметтік даму министрлігі хабарлағандай,  ҚР Үкіметі, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында, 2016 жылы елге шетелдік мамандарды шақыруға экономикалық белсенді халықтың 0,7% көлемінде квота белгілеп, бұл 63 мың бірлікті құрады (2017 жылы 54 мың немесе 0,6%). «ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, 2017 жылдың 5 айында жергілікті атқару органдар тарапы Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту үшін 3 813 жұмыс берушіге 10 658 рұқсат құжатын беріп, жарамдылық мерзімін ұзартты. Олар өз кезегінде 3,2 млрд теңге көлемінде салық төледі. 2017 жылдың басында ел бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 29,3 мың рұқсат беру күшінде болса, оның 23,1 мыңын 1-3 санаттардағы жұмысшылар құраса, 545 адам корпоративтік ауысу аясында жұмылдырылды», - делінген хабарламада. 2017 жылдың 1 мамырындағы жағдайға қарағанда 28,5 мың рұқсат берілсе, оның 77%-ы 1-3 санаттардағы мамандарға табысталды. Шетелдік жұмыс күшін тартқан 3 768 кәсіпорында 470,4 мың қазақстандық азамат істеп, бұл жұмысшылардың жалпы санының 94%-ын құрайды”, - дейді министр. 2016 жылы шетелдік жұмыс күшін тартқан жұмыс берушілерде, қазақстандық азаматтар үшін 16 259 жұмыс орны қамтамасыз етілген. Өткен жыл бойы 1 091 жұмысшы кәсіби қайта даярлықтан өтсе, 5427 жергілікті жұмысшы біліктілігін көтеріп, 249 қазақстандық еңбеккер кәсіби кәсіби шеберлігін шыңдаған. 11 шетелдік маманды болса, жергілікті кадр алмастырған.