"Болашақ" ағылшын тіліне қойылатын талаптарды жоғарылатты

"Болашақ" ағылшын тіліне қойылатын талаптарды жоғарылатты

"Болашақ" ағылшын тіліне қойылатын талаптарды жоғарылатты
ашық дереккөзі
Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауын іске асыру тұрғысынан «Болашақ» стипендиясын жаңғыртуға арналған баспасөз конференция өтті, деп хабарлайды Baq.kz. Іс-шараға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті Мейіржан Алпысбай, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті Зульфия Төребекова және Конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру департаментінің директоры Айман Әубакірова қатысты. «Бірінші. IELTS 6.5 және одан жоғары сертификаты, сондай-ақ GPA 3.3 және одан жоғары дипломы бар тұлғалар үшін «жалпы конкурс» жаңа санаты енгізілді. Үміткерлердің осы санаты үшін жұмыс өтілі мен жұмыс беруші өтінімінің болуына талап қойылмайды. Осы санат магистр дәрежесін алу үшін стипендиаттардың басқа санаттарымен қатар, 2 айға дейінгі мерзімде оқу алдындағы даярлықтан (pre-master's) өту мүмкіндігін береді. Екінші. Академиялық бағдарламалар (магистратура, докторантура, резидентура) үшін үміткерлердің барлық санаттарына бакалавр немесе маман дипломының орташа балына қойылатын талаптар 3.0-ден 3.3 (4.0/4.33-тен) GPA деңгейіне дейін өзгертілді. Үшінші. «Магистратура» бағдарламасы бойынша үміткерлердің барлық үлестік санаттары үшін ағылшын тілін меңгеру деңгейінің өлшемшарттары IELTS жүйесі бойынша 5.0 балдан 5.5 балға дейін көтерілді. Сонымен, «инженерлік-техникалық мамандық» санаты бойынша үміткерлерге қойылатын талаптар бұрынғы деңгейде – IELTS 5.0 қалады», - деді ол. Сонымен қатар спикер, стипендия тағайындау үшін 2017 жылдан бастап конкурс 6 кезеңнен тұратынын жеткізді.