Швейцарияға ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысқаны үшін алғыс айтты
Швейцарияға ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысқаны үшін алғыс айтты
Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцарияның сыртқы істер жөніндегі федералдық кеңесшісі (министрі) Дидье Буркхальтермен жұмыс бабында кездесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.
Қ.Тоқаев жасыл экономика мен балама энергетика саласындағы әлемдегі көшбасшылардың бірі болып табылатын Швейцарияға ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысқаны үшін алғыс айтты. Сенат Төрағасы Қазақстан Швейцарияны Еуропадағы маңызды әрі сенімді әріптес ретінде қарастыратынын атап өтті. Екіжақты ынтымақтастық аясында белсенді саяси диалог, ауқымды сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық байланыстар өрістеп келеді.
Кездесу барысында екіжақты байланыстарда да, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясымен бірге халықаралық ұйымдар аясында да маңызды рөл атқаратын парламентаралық үнқатысуды нығайтудың келешегі қаралды. Қ.Тоқаев пен Швейцария сыртқы саясат ведомствосының басшысы ЕҚЫҰ жауапты аймақта «созылмалы шиеленістерге» қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.