Жаңалықтар

Головкин мен Альварес Лондонда көз арбасты

Головкин мен Альварес Лондонда көз арбасты

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес Лондонда баспасөз конференциясын өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Медиатур барысында осы аптада олар Нью-Йорк және Лос-Анджелес қалаларында болады. Кейінірек Мехико қаласында баспасөз конференциясын өткізу жоспарланған.  Лондонда Головкин мен Альварес журналистердің сұрақтарына жауап беріп, көз арбасты.  "Канело" - Головкин жекпе-жегі 16 қыркүйек күні T-Mobile Arena аренасында өтеді. Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.