Түрікменстан қасиетті Қадір түні құрметіне рақымшылық жасалады

Түрікменстан қасиетті Қадір түні құрметіне рақымшылық жасалады

Түрікменстан қасиетті Қадір түні құрметіне рақымшылық жасалады
ашық дереккөзі
Түрікменстан қасиетті Қадір түні құрметіне рақымшылық жасалады. Түрікменстан  президенті Гурбангулы Бердімұxамедов мұсылмандар үшін қасиетті болып саналатын Қадір түні құрметіне түрмеде жазасын өтеушілерге рақымшылық жасау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды kabar.kg. Құжатта бұл шешімнің түркімен халқы мен ондағы әрбір отбасының береке-бірлігін одан әрі нығайту мақсатында адамгершілік және гуманизм қағидаттарына сәйкес қабылданғандығы туралы айтылған. Осы жылы түрікмен басшысының жарлығына сәйкес 1029 азамат рақымшылыққа ілініп, бостандыққа шығады деп жазады агенттік.