Ақса мешітіндегі жұма намазға 300 мың адам жиналды

Ақса мешітіндегі жұма намазға 300 мың адам жиналды

Ақса мешітіндегі жұма намазға 300 мың адам жиналды
ашық дереккөзі
Өткен жұмада Палестина тұрғындағы елдегі қарулы қақтығыстарға қарамастан қасиетті әл-Ақса мешітінде жиналып, жұма намазын оқыды. Жиылған жамағат саны 300 мыңның үстінде болған көрінеді, деп хабарлайды muslim.kz.  Палестиналықтар жұма намазын оқу үшін бір күн бұрын түн ортасында мешіттің орталық қақпасында жиналып, иудейлердің тексеруімен кіргізілген. Жергілікті мұсылмандардың ішінде тексеріске қарамастан мешіт қабырғасынан асып түсіп кіргендері де болған. Палестиналықтардың жұма намазын оқуға деген мұндай құлшыныстары қасиетті Рамазан айымен байланыстыруға болады. Себебі, қасиетті айдың аяқталуына жақын қалғанына байланысты палестиналықтар Рамазанның үшінші жұма намазын қасиетті мекенде оқуға тырысып бағуда.