Таразда жолақы қымбаттамақ
Таразда жолақы қымбаттамақ
Таразда жолаушылар тасымалына тарифті 55-тен 65 теңгеге көтеруді ұсынылды. Бұл туралы жергілікті әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.
Жолаушыларға жолақы тарифі 65 теңге, 1-11 сынып оқушыларына 30 теңге болуы мүмкін. «Бұл ұсыныс тамыз айында қалалық мәслихат сессиясында қаралады», - деді әкімдік баспасөз қызметінен.
Орташа бір күнде Таразда 201 мыңдай жолаушы, жылына - 73,4 млн адам тасымалданады. Қоғамдық көлік, оның қосалқы бөлшегі, жанармай, ТКШ қызметіне бағаның өсуін (27,8%) есепке алып, авто тасымалдаушылар таяу үш жылда қалалық көлікте жолаушылар тасымалына тарифті 65-70 теңге көлемінде белгілеуді ұсынады.
Соңғы төрт жылда автобус паркі 80 пайызға жаңарды. Бүгін жолаушылар тасымалымен 45 маршрут бойынша 11 компания айналысады. Жамбыл облысы қоғамдық көлікте жолақыға төмен тарифті сақтап келеді.. 2016 жылы автотасымалдаушылардың талабымен соғысқа қатысушылар, ардагерлер, «ауғандықтар», жесір, мүгедек, көп балалы аналар, құрметті азаматтар, студенттерге арналған жеңілдіктер алып тасталған.