Реал Мадрид: Роналду кетем десе - есік ашық
Реал Мадрид: Роналду кетем десе - есік ашық
Клуб басшылығының пікірінше, футболшы жоғарғы айлық талап етуге барын салуда.
«Реал Мадрид» футбол клубының Президенті Флорентино Перестің мәлімдеуінше, олар шабуылшы Криштиану Роналдуды еркінен тыс ұстап тұрғысы жоқ деп, хабарлайды Халықаралық Daily Express ақпараттық агенттігі.
Функционер команданың мүддесін жеке ойыншының мүддесінен жоғары қоятындығын атап өтті.
Клуб басшылығының пікірінше, Роналду клубты бопсалау арқылы айлығын көтеруге қол жеткізгісі келеді.