Болжам: Тәжікстанда лаңкестік көбеюі мүмкін

Болжам: Тәжікстанда лаңкестік көбеюі мүмкін

Болжам: Тәжікстанда лаңкестік көбеюі мүмкін
ашық дереккөзі
Тәжікстандағы АҚШ елшілігі өзінің веб-сайтында сол елдегі АҚШ азаматтарының лаңкестік шабуылға ұшырауы мүмкін екенін ескертті. Мәлімдемеде көптен бері Тәжікстандағы террорлық топтар лаңкестік шабуыл жасамағанымен, тексеру нәтижесіне қарағанда алдағы алты айда олардың әрекет жасауы жиілеуі мүмкін екені айтылған. Бұл туралы «Парс.ақпарат» агенттігінің ресми сайты хабарлап отыр деп жазды Qazaqtimes. АҚШ-тың Душанбе қаласында тұратын бас елшілігі сол елдегі АҚШ азаматтарына Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасына жақын аймақтарға сапар шекпеуін ескертіп отыр. Сонымен бірге кештерде көпшілік көбірек жиналатын орындарға бармауын, мүмкіндігінше қоғамдық көлікті пайдаланбауын ескерткен. Естеріңізге салсақ, өткен айда АҚШ Мемлекеттік департаменті хабарлама жариялап, өз азаматтарына Еуропаға саяхаттай барудың қауіпті екенін, жаз айларында Еуропада лаңкестік шабуылдардың жиі туылатындығын мәлімдеген болатын. Бұл ескертуден кейін шынымен де Еуропаның бірнеше қалаларында лаңкестік шабуылдар орын алған еді. Демек, алдағы алты айда Тәжікстанда да террорлық әрекеттердің тіркелуі бек мүмкін.