АҚШ 2023 жылғы ЭКСПО көрмесін өткізуге ниетті

АҚШ 2023 жылғы ЭКСПО көрмесін өткізуге ниетті

АҚШ 2023 жылғы ЭКСПО көрмесін өткізуге ниетті
ашық дереккөзі
АҚШ 2023 жылғы ЭКСПО көрмесін өткізуге ниетті, – деп хабарлайды 24.kz  арнасы. «Астана ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі АҚШ павильонын ұйымдастырушылар Қазақстан тарапымен ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға мүдделі екендіктерін айтуда. Өйткені елордамыз Астана қаласында өтіп жатқан ЭКСПО – 2017 көрмесі АҚШ-қа халықаралық жобаға қатысуға мүмкіндік берген маңызды шара болып отыр. Айта кетейік, АҚШ 2001 жылдан бері халықаралық көрмелер бюросының ресми мүшесі емес. Ал бұл елде ЭКСПО көрмесі соңғы рет 1984 жылы өткен. Қазір Америка 2023 жылғы ЭКСПО көрмесін қабылдау мақсатында сайлау науқанына дайындық жұмыстарын бастады. «Қазақстан мен АҚШ-тың көптеген мамандарының күшімен ЭКСПО – 2017 көрмесінде Америка павильоны ашылды. Біздерге адамдар көп келеді. Бұл   екі ел арасындағы достықтың көрінісі дер едім. Арадағы ықпалдастық арта    беретініне сенімдімін. Тіпті, екі ел арасындағы қарым-қатынас нығая түсетіні  анық», – дейді Америка павильоны кеңесінің мүшесі Марджери Краус. «Біздер АҚШ пен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстарды құптаймыз. ЕХРО 2017 көрмесі Қазақстанды америкалық инвесторларға жақындата түседі деген ойдамыз. Қазақстанмен іскерлік қарым-қатынас орнату екі жаққа да тиімді дер едім. Және байланыстың жандана түсеріне сенім мол», – деп атап өтті Baker & McKenzie компаниясының өкілі Томас Файерсон 24.kz  арнасына берген сұхбатында.