Жаңалықтар

Шүменов WBA чемпиондық белдігінен айрылды

ашық дереккөзі

Шүменов WBA чемпиондық белдігінен айрылды

Бейбіт Шүменов WBA чемпиондық белдігінен айырылып қалды. Әлемдік бокс ассоциациясының жаңартылған рейтингінде қазақстандық боксшының атағы кубалық Юниер Дортикосқа тиесілі болды, деп жазады Sports.kz. Шүменов пен Дортикос жекпе-жегі сәуірде болуы тиіс еді, алайда қазақстандық жаттығу кезінде көзін жарақаттап алып, кездесуді кейінге қалдыруға тура келді. Осылайша, WBA чемпиондық белдігі ұйымның уақытша чемпионы атанған кубалық Юниер Дортикусқа берілді. TalkSport.com тілшісі Майкл Бенсонның хабарлауынша, Шүменовтің мансабын аяқтағысы келуі осыған себеп болған екен. Бенсонның сөзіне сүйенсек, бұл туралы қазақстандық WBA президенті Хильберто Мендосаға айтыпты.