СҚО-да найзағай түсіп, үш адам мерт болды

СҚО-да найзағай түсіп, үш адам мерт болды

СҚО-да найзағай түсіп, үш адам мерт болды
ашық дереккөзі
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Бидайық ауылында 12 жасар бала мен екі ересек кісі найзағай түсіп қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық ТЖК мәліметі бойынша, қайғылы оқиға 16 маусым күні адамдар өрістен қайтқан малын қайырып алу үшін ауылдың шетінде тұрғанда болған. Бұл кезде найзағай ойнап, жаңбыр құйып тұрған. Бірінші жай балаға түскен. Оның ауылдасы дереу дәрігерді, ауыл әкімі мен учаскелік инспекторды шақырған. «Ауыл фельдшері мен жүргізуші оқиға орнын қарап жатқанда екінші рет найзағай түскен. Бұл жолы көмек шақырған 34 жастағы ер адам мен 39 жастағы фельдшерлік-акушерлік пункттің жүргізушісі ажал құшқан. Олардың денелеріне медициналық экспертиза жасалады», - делінген хабарламада.