Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне жаңа ректор келді

18 маусым, 2017 / Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ
ашық дереккөзі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне жаңа ректор келді  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Мемлекет басшысының Өкімімен Такир Оспанұлы Балықбаев Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры қызметіне тағайындалды", - делінген Ақорданың хабарламасында. Такир Балықбаев 2013-2016 жылдары білім және ғылым вице-министрі болған. Осыған дейін ол Қазақ технология және бизнес университетінің ректоры болған.