Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне жаңа ректор келді

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының Өкімімен Такир Оспанұлы Балықбаев Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры қызметіне тағайындалды», – делінген Ақорданың хабарламасында. Такир Балықбаев 2013-2016 жылдары білім және ғылым вице-министрі болған. Осыған дейін ол Қазақ технология және бизнес университетінің ректоры болған.