Қытайда 22 жастағы жанкешті балабақшаны жарып жіберді
Қытайда 22 жастағы жанкешті балабақшаны жарып жіберді
Қытай үкіметі елдің шығыс провинцияларының бірінде орын алған жарылыстан 8 адам қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtimes.com.
Жарылыс 15 маусым күні түстен кейін, Жияңсу провинциясындағы бір балабақшаның маңында орын алған.
Мемлекеттік қауіпсіздік органдарының мәліметі бойынша, жарылысты 22 жастағы Шүй (Xu) есімді ер адамның жасағаны анықталған. Жарылыс тудырушы өзі де қаза тапқан.
Қытай Орталық телевизиясының берген хабарына сүйенсек, оқиғада 8 адам қаза болып, 65 адам түрлі жарақат алған. Тергеушілердің айтуынша, жарылыс болған жерден қолдан жасалған жарылғыштың қалдықтары табылған. Сондай-ақ, балабақша жанындағы қабырғаларға «өлім», «өлтіру», «қыру», «жару» деген сөздердің жазылғаны айтылды.
Жергілікті үкімет орынның айтуынша, жарылыс болған кезде балабақшадағылар жұмыстан қайтып кеткендіктен, зардап шеккендер арасында балалар мен балабақша қызметкерлері болмаған.