Белоруссияға Қазақстаннан 20 электровоз жөнелтіледі
Белоруссияға Қазақстаннан 20 электровоз жөнелтіледі
Беларусь астанасында «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы Беларусь сауда-өнеркәсіптік палатасымен бірлесіп қазақстандық өндірушілердің сауда миссиясын өткізді. Бұл туралы Kazakh Invest баспасөз қызметі хабарлады.
«Шара аясында «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС өкілдері «Беларусь темір жолы» басшылығымен кездесті. «ЭКЗ» ЖШС бас директорының орынбасары Андрей Ершовтың айтуынша, кездесуде қазақстандық жолаушылар электровозын Беларуське жеткізу мәселесі талқыланды. Беларусь темір жолы қажеттілігі үшін KZ4AT үлгідегі 20 жолаушылар электровозын экспорттау жоспарлануда»,- делінген хабарламада.
«КазАзот» ЖШС және «Темір-Сервис» ЖШС қазақстандық өндірушілерінің Беларусь Республикасының Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрінің орынбасары Владимир Гракунмен кездесу қорытындысы бойынша қазақстандық компаниялар Беларусь ауыл шаруашылығы қажеттілігі үшін тыңайтқыштар жеткізуші тізіліміне енгізілді.
Форум аясында қазақстандық азық-түлік өнімдерін өндірушілер үшін «Виталюр» ірі беларусьтік супермаркеттер сауда желісінің басшысымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу нәтижесі бойынша осы желіге азық-түлік өнімдерін жеткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Атап өтсек, Kazakh Invest Минскіде сауда миссиясын алтыншы рет өткізуде. Шара қорытындысы бойынша 20 млн. АҚШ долларына экспорттық келісімшарттар жасалды.