Тереза Мэй: Халық төтенше жағдайдың себебін білуге міндетті

Тереза Мэй: Халық төтенше жағдайдың себебін білуге міндетті

Тереза Мэй: Халық төтенше жағдайдың себебін білуге міндетті
ашық дереккөзі
Лондондағы алапат өрт кезінде 65 адам жоғалып кеткен, – деп хабарлайды  24.kz  арнасы. Арнаның хабарлауынша, қиға орнында әлі де іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Жергілікті билік «олардың тірі қалуы екіталай» деп қауіптеніп отыр. Айта кеткен жөн, 14 маусымға қараған түні Ұлыбритания астанасындағы көпқабатты ғимарат отқа оранған болатын. Ресми мәлімет бойынша, 17 адам қаза тауып, тағы 79-ы жараланған. Қазір ауруханада жатқан 17 науқастың халі мүшкіл. Тілсіз жау кесірінен эвакуацияланған 100-ден астам отбасы таяудағы қоғамдық орталықтарға, мешіт пен шіркеуге жайғастырылған. Оттың нақты неден тұтанғаны әзірге белгісіз. Ел премьер-министрі құзырлы органдарға төтенше жағдайға қатысты жіті тергеу жүргізуді бұйырды. «Біз оқиғаның мән-жайын анықтауға тиіспіз. Өйткені халық қаншама адамның өмірін жалмап, қаншама тұрғынды баспанасыз қалдырған төтенше жағдайдың себебін білуге міндетті. Мұндай тосын жағдайды болдырмау үшін тиісті шаралар да қабылдауымыз керек. Үкімет жергілікті билікке қолдан келгенше көмек көрсетеді», – дейді Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй.