"Мың бояулы қала" байқауының жеңімпаздары анықталды

"Мың бояулы қала" байқауының жеңімпаздары анықталды

"Мың бояулы қала" байқауының жеңімпаздары анықталды
ашық дереккөзі
Алматыда журналистер арасындағы «Мың бояулы қала – Город тысячи красок» байқауының қорытындысы шығарылды деп хабарлайды Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі. Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында Алматыда журналистер арасындағы «Мың бояулы қала – Город тысячи красок» байқауының жеңімпаздарын марапаттау шарасы өтті. Ақпараттық кеңістіктегі мегаполистің үздік өкілдерін Алматы әкімі Бауыржан Байбек, ҚР Ақпарат және коммуникация вице-министрі Алан Әжібаев, еліміздің жетекші БАҚ  басшылары марапаттады. Байқау жеті номинация бойынша өтті:БАҚ-тағы үздік мақала, ақпараттық агенттіктердегі (ғаламтор ресурстары) үздік мақала, үздік радио материал, әлеуметтік желідегі үздік мақала (блогерлер материалдары), үздік фотоматериал, үздік инфографика және үздік телевизиялық сюжет.  width= «Үздік  газет мақаласы» категориясы бойынша «Түркістан» газетінің журналисі Динара Желдібаева жеңімпаз атанды, ал «Үздік  радиоматериал» номинациясы бойынша екі журналист-«Астана» радиосының музыкалық редакторы Әйгерім Біләлова мен «Қазақ радиосының» журналисі Аман Тасыған жүлдені өзара бөлісті, қазақтардың Дүниежүзілік ассциациясы сайтының редакторы Ерлік Кебекбай ғаламтордағы үздік материал номинациясын жеңіп алды,үздік инфографика жүлдесін «IGRAPHIC» дизайн бюросының бас директоры Бағлан Айдашов алса, Жанна Ахметова  әлеуметтік желілерде үздік постар жариялады, Максим Золотухиннің жұмыстары үздік фотоматериалдар деп танылды, ал «Үздік телевизиялық сюжет»  номинациясы бойынша «Хабар агенттігі» АҚ Алматы филиалының журналисі Ұлан Нарынбек пен «Астана»  телеканалының журналисі Әділ Өнербаевтар жеңімпаз атанды.  width= Алматы  әкімі Бауыржан Байбек аумағы 500 шаршы метр болатын «Алматы» телеарнасының  жаңа заманауи павильонында болды. Соңғы бір жарым жыл ішінде каналды модернизациялау жұмыстары жүрді, құрал- жабдықтар жаңартылды, өндірістік тракт 16х9  жоғары көрсетілімдегі сандық форматқа  көшірілді, әлемдік танымал өндірушілерден жалпы құны 1,2 млрд. теңге болатын заманауи телевизиялық техникалар сатып алынды. Бүгінгі күні «Алматы» телеарнасының қаланың кез - келген нүктесінен тікелей эфирге шығатын және ауқымды шараларды дер кезінде көрсете алатын жылжымалы телевизиялық станциясы бар. Канал республиканың барша аймағын қамтиды, соның арқасында баламалы, сандық, спутниктік, кабельді және интернет сегменттегі хабарларды тарата алады. «ТНС Гэллап Медиа»агенттігінің мәліметі бойынша биылғы жылы қалалық  телеарнаны көрушілер қатары 2015 жылмен салыстырғанда  26%-ға артқан. Жүзеге асқан осынау игі шаралардың арқасында «Алматы»  телеарнасына жарнама берушілер қатары ұлғаюда. Мысалы,2016 жылдың қорытындысы бойынша телеарнаның жеке табысы 112%-ға артып, 256 млн. теңгені құрады. Құрылғалы бері алғаш рет телеарна жақсы қаржылық көрсеткішке қолжеткізді. Заманауи аппаратуралармен жабдықталған жаңа студиялық павильон іске қосылған кезде «Алматы» телеарнасы жаңа сапалық деңгейге көтерілетін болады.