Қазақстан инновациялық елдер рейтингінде үш сатыға төмендеді
Қазақстан инновациялық елдер рейтингінде үш сатыға төмендеді
Қазақстан жыл сайын Корнель университеті, INSEAD бизнес мектебі және Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы жариялап отыратын "Global Innovation Index" (Жаһандық инновациялық индекс) рейтингінде 78 орынға ие болды.
2016 жылы мемлекет бұл рейтинг бойынша 75 орында еді. Рейтингте осымен жетінші жыл қатарынан Швейцария көш бастап келеді. Швеция екінші, Нидерланды үшінші орында. Тізімнің алғашқы ондығына АҚШ, Ұлыбритания, Дания, Сингапур, Финляндия, Германия, Ирландия кірді. Қазақстанға көрші елдер арасында Қытай 22 орында, Ресей 45 орынға тұрақтаған.
Өткен жылғы есепте Қытай 25 орында, Ресей 47 орында болған. Сонымен иновациялық рейтингке қатысқан 127 елдің ішінде Қазақстан өткен жылы 78 орындағы Иран Ислам Республикасының орнын басты. Ал Иран болса керісінше, 75 орынға көтерілді. Қазақстанан бір сатыға жоғары тұрған ел - Оман. Ал біздің кедендік одақтағы әріптесіміз Қырғызстан 95 орында.