Сомали астанасындағы терактіден опат болғандар саны артуда

Сомали астанасындағы терактіден опат болғандар саны артуда

Сомали астанасындағы терактіден опат болғандар саны артуда
ашық дереккөзі
Сомали астанасы Могадишода содырлардың мейрамхана мен қонақ үйге жасаған шабуылынан қаза тапқандар саны 31-ге жетті,деп хабарлайды 24.kz арнасы. Ақпарат құралдарында бұған дейін Могадишода қаласындағы содаршардың шабуылынан 18 адамның опат болғаны хабарлаған болатын. Тағы 40 кісі жараланған. Еске сала кетейік, шаһарда лаңкестік жасаған содырлар алдымен мейрамхана маңындағы көлікке жасырылған жарылғышты іске қосқан. Содан соң атыс ашып, қонақ үйге басып кірген содырлар адамдарды кепілдікке алған. Полиция  шұғыл операция жүргізіп, лаңкестердің барлығының көзін жойды. Кепілдегі адамдар құтқарылды. Қаскөйлік шабуылды «Аш-Шабаб» лаңкестік ұйымы мойнына алды.