Әкімдер рейтингі: кім көш бастап тұр?

Әкімдер рейтингі: кім көш бастап тұр?

Әкімдер рейтингі: кім көш бастап тұр?
ашық дереккөзі
 Әкімдердің мамыр айындағы рейтингі жарияланды. Рейтингтің  көш басында Алматы әкімі Бауыржан Байбек тұр. Бұл туралы «Саясат-Monitoring» тобы-на сілтеме жасап  NUR.KZ хабарлады.  1-7 маусым аралығында жүргізілген сауалнамаға сарапшылар, саясаттанушылар, қоғам қайраткерлері, блогерлер мен журналистер, яғни бас-аяғы 25 адам қатысқан. Осы айдағы рейтинг бойынша, екінші орынға Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев жайғасқан. Елорда әкімі – 12,4 дауыс жинапты. Ал үштікті 12,3 дауыспен Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев тәмамдады. Сарапшылар төртінші орынға Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты лайық деп тапса, бесінші орынды Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовке берген. Ал наурыз бен сәуірде 9-орыннан көрінген Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев бұл жолы алтыншы орыннан көрінді.