Көрме аясында Австрияның ұлттық күні өтті
Көрме аясында Австрияның ұлттық күні өтті
Бүгін «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Австрияның Ұлттық күні – сол күннің ең басты және жарқын оқиғасы болды.
Ұлттық күн іскерлік пішімде жалғасты – екіжақты экономикалық форум мен бесінші Австриялық-Қазақстандық Кеңестің бас қосуы болды, онда Австрия мен Қазақстанның экономикалық әлеуеттері, сонымен қатар, бірлескен қаржылық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі сияқты маңызды сұрақтар талқыланды.
Бір күн бұрын жүзден астам австриялық менеджерлер мен инвесторлар келген, ТМД бизнесмендерінің ірі өңірлік форумы болғанын еске сала кетейік. Конференция қатысушылары «Бір белдік, бір жол» Қытай инвестициялық жобасы аясында жаңа Жібек жолында экономикалық өсу үшін алғышарттарды қоса алғанда, халықаралық қатынастар шеңберінде өсудің жаңа мүмкіндіктері, экономикалық дамудың негізгі факторлары сияқты тақырыптарды қозғады, сонымен қатар, ТМД елдерінің жаңа технологиялық революцияға дайындығы туралы талқыланды.
Ұлттық күннің ресми бөлігін қорытындылай келе, австриялық тарап ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстан машина жасау одағының Төрағасы және Австриялық-Қазақстандық Бизнес-Кеңестің Тең Төрағасы Мейрам Пшембаевқа Қазақстан мен Австрия арасындағы ынтымақтастықты дамытудағы үлесі үшін марапатты сый тартты.
Ұлттық күн Әулие Флориан ұлдары хорының өнер көрсетуімен фольклорлық нотада аяқталды. Әулие Флориан монастыры музыкалық мегаполис Вена мен Зальцбург арасында Австрияның нақ жүрегінде орналасқан. Хор 1071 жылы құрылған және тарихи дәстүрді сақтап қалған әлемдегі ең танымал ұлдар хорының бірі болып табылады. Көптеген басқа ұлы музыканттар сияқты атақты Австрия композиторы Антон Брукнер де ұлдар хорында болған.
Әулие Флориан ұлдар хоры дискографиясының кең спектрі тек дәстүрлі австриялық, халықтық және рождестволық музыкадан ғана тұрмайды, сонымен қатар тарихи аспаптарда танымал беделді ансамбльдермен ынтымақтастықта жазылған ежелгі музыканың жазбаларынан тұрады.